«Ақтөбе» - «Динамо» ойыны туралы не білеміз?

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің бірінші кездесуі шеңберінде алаңға «Ақтөбе» Киевтің «Динамо» командасымен шығады. Осыған байланысты Vesti.kz осы кездесу туралы қысқаша анықтама ақпаратымен танысуды ұсынады.

«Ақтөбе» - «Динамо» ойыны туралы не білеміз?

1. "Ақтөбе" және "Динамо" командаларының бас жаттықтырушылары Владимир Никитенко мен Олег Блохин футболшы ретінде он жылға жуық уақыт бәсекелес болды. Олардың бірінші кездесулері 1978 жылғы 26 маусым күні Алматы қаласында өтті. Мұнда Никитенко ойнаған жергілікті "Кайрат" Блохиннің киевтік "Динамосымен" бақ сынасқан болатын. Кейінірек КСРО біріншілігі шеңберінде олар 14 рет кездесіп, сегізінде киевтіктер басым түссе, екі ойында тең түсіп, тек екі кездесуде ғана "Кайраттың" бағы жанған болатын. Кеңестік футболдың ең мерген шабуылшысы болып саналатын Блохин осы кездесулерде жеті гол соқты.

2. "Ақтөбе" бүгінгі Қазақстан біріншілігінде көш бастап келеді. 23 турдан кейін Никитенко сарбаздарының қоржынында 24 ұпай бар. Ал "Динамоның" ішкі біріншіліктегі жағдайы анағұрлым төмендеу. Алты ойынның нәтижесі бойынша олар 10 ұпаймен алтыншы орынға жайғасқан.

3. Еуропа Лигасы дәрежесінің мәресіне жету жолында "Ақтөбе" армениялық "Гандзасар", норвегиялық "Хедд" және Исландияның "Брейдаблик" командаларын жерге қаратты. Ал "Динамо" болса, Еуропа Лигасындағы алқашқы қадамын бірден плей-офф кезеңінен бастамақ.

4. Ойын өтетін Ақтөбенің Орталық стадионы бар болғаны 13 500 адамды сыйғыза алады. Бұл орындарға билеттер әлдеқашан сатылып кеткен. Билет құны - 1000 теңге екенігн естеріңізге саламыз.

5. Бұл кездесуге әр командадан бір-бір белді ойыншыдан қатыспайды. Қазақстан командасының құрамынан алаңға Алматы қаласынның ауруханасында ауыр қалде жатқан жартылай қорғаушы Эмиль Кенжесариев шыға алмаса, киевтіктерден жарақаты сыр берген негізгі қорғаушы Евгений Хачериди қатыспауы мүмкін.

6. Ойын алдында "Ақтөбе" жанкүйерлері Кенжесариевке қолдау білдіріп, флеш-моб жасауы мүмкін. Сонымен бірге, клуб кездесуден бірнеше минут бұрын перфоманс ұйымдастырады деп күтілуде.

7. Әдетте "Ақтөбе" үйдегі ойындарын қызыл-қара-ақ, ал "Динамо"ақ-көкшіл түсті киіммен өткізеді.

8. Ақтөбенің Орталық алаңындағы кездесу Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады, кездесуді "Қазақстан" және "KazSport" телеарналары тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

9. Кездесуге беларусиялық Алексей Кулбаков төрелік етеді. "Динамо" үшін ол бейтаныс, ал "Ақтөбемен" ол үш мәрте жұмыс істеген. 2006 жылы "Ақтөбе" Достастық Елдер Кубогында Лиепайдың "Металлург" командасына 0:3 есебімен есе жіберсе, 2009 жылғы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Ақтөбе" исландиялық "Хафнарфьордурды" - 4:0 есебімен ойсарыта ұтты, сондай-ақ 2010 жылы ақтөбелік футболшылар Еуропа Лигасында Әзірбайжаннан 2:1 есебімен басым түсті.

10. "Динамо" футболшыларының бағасы "Ақтөбеден" 25 еседей артық. 157 200 000 және 6 300 000 еуро. Осындай сәйкессіздіктер қарағандылық "Шахтер" футболшыларын қымсындырған жоқ, олар 20 тамыз күні "қымбат" шотландиялық "Селтикті" 2:0 есебімен ұтты.

11. УЕФА-ның клубтық дәрежесінде "Динамо" мен "Ақтөбе" арасы ат шаптырым. Үстіміздегі еурокубтық маусымның аяғында киевтіктер 25-ші орынға жайғасса, ал ақтөбеліктер кесте соңына таман, 214-ші орынға табан тіреген.

12. Екі жаттықтырушыда ойын алдында болашақ кездесу туралы көп сыр ашпады. Блохин "Ақтөбе" командасына дұрыс көңіл бөлетінін айтса, ал Никитенко кейбір футболшылардың жарақаты туралы шағымданды.

13. "Динамо" командасын қолдауға Украинадан 200-ге жуық жанкүйер келеді деп күтілуде, ал ақтөбеліктер үшін стадион жанынан қосымша экран орнатылады.