«Ақтөбе» ФК бас бапкерді іздестіруді жалғастыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол клубында бүгінгі күні бас бапкер қызметіне лайықты кандидатуралар іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш клубтан мәлім еткендей, таяу шет елден бірнеше үміткер қарастырылуда. Олардың арасында Қазақстан құрамасының экс-бапкері Юрий Красножан, «Ақтөбе» ФК-ның бұрынғы бас бапкері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Владимир Муханов және айтарлықтай танымал украиналық футболшы және жаттықтырушы Анатолий Демьяненко.