«Ақтөбе» ФК бас бапкері Никитенко отставкаға арыз берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионатының соңғы турларында сәтсіз өнер көрсеткені үшін «Ақтөбе» футбол клубының бапкері Владимир Никитенко қызметінен кету жөнінде арыз берді. Бапкердің орнын кім басатыны жуық арада шешіледі, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Никитенко отставкаға арыз берді

«Ақтөбе» клубы соңғы 6 ойында жеңіске жете алмай келеді, жығылғанға жұдырық болғандай кешегі «Қайратпен» өткен ойында 7:1 есебімен ойсырай жеңілді. Сол себепті бас бапкер енді өз орнын босатпақ.