12:06, 06 Қаңтар 2024 | GMT +5
«Ақтөбе» футбол клубынан аз уақытта 10 ойыншы кетіп қалды
«Ақтөбе» футбол клубы маусымаралық кезеңде он ойыншыдан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Клубтан екі қақпашы — Мирослав Лобанцев («Елімай») және Стас Покатилов («Тобыл»), үш қорғаушы — Дмитрий Яшин («Елімай»), Лука Гадрани («Қайрат») және Ескендір Қыбырай, екі жартылай қорғаушы — Милош Раичкович пен Андерсон Нянгбо және үш шабуылшы — Элдер Сантана («Қайрат»), Рожерио дос Сантос Альвес («Елімай») және Роман Изотов ресми кетіп қалған.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында «Ақтөбенің» бас бапкері лауазымына 49 жастағы ресейлік маман Дмитрий Парфенов тағайындалған болатын.
Ол Андрей Карповичтің орнына келген еді. Карпович қазір «Елімайға» жетекшілік етіп жүр.