"Ақтөбе" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарымта кездесуде басым түссе, келесі айналымда Израиль чемпионымен кездеседі
АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін "Ақтөбе" футбол клубы өз алаңында исландиялықтармен Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарымта кездесуін өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ойынға белорус Алексей Кульбаков төрелік жасайды. Оған алаңның жиегінде Дмитрий Ясинский мен Вячеслав Быков көмектесетін болады. Ақтөбеліктер бұған дейін шілденің 15-інде Хабнарфьордюр қаласында Исландия чемпионы «Хабнарфьордюр» футбол командасын 0:4 есебімен ойсырата жеңген болатын. Владимир Мухановтың тәлімгерлері енді өз алаңында да басым түсетін болса, екінші айналымда Израиль мен Солтүстік Ирландия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Израильдік "Маккаби" алғашқы ойында өз алаңында ирландиялық "Гленторпаннан" 6:0 есебімен басым түсті.