«Ақтөбе» футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынында Германияның «Вердер» клубынан ұтылып қалды
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше «Ақтөбе» футбол клубы 2009/2010 жылғы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Германияда Бременнің «Вердер» командасымен өткізіп, 6:3 есебімен ұтылып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ақтөбеліктер тарапынан ойынның 17-ші және 32-інші минуттарынде Струков, ал 87-інші минутынде Сымақов мергендігімен көзге түскен. Қарымта кездесу тамыздың 27-сі күні Ақтөбеде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеді. Атап өтерлігі, бұған дейінгі еурокубоктік жарыстарында қазақстандықтар неміс клубтарымен кездесіп көрмеген.