13:07, 18 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Ақтөбе» футбол клубы ТМД кубогын жеңіспен бастады
МӘСКЕУ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сенбі күні Мәскеуде футболдан «ТМД чемпиондар кубогының» он жетінші халықаралық турнирі басталды, оған Қазақстаннан «Ақтөбе» командасы қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстандық команда жеребеде күшті қарсыластар ? Армения, Ресей және Өзбекстан командалары тобына түсті. Турнир ашылған күні «Ақтөбе» бірінші матчын «Динамо» манежінде армянның «Араратымен» өткізді. Ақтөбелік футболшылар матч тағдырын бірінші таймның өзінде-ақ шешті. Екінші допты клубтың таңдаулы шабуылшысы Марат Хайруллин соқты. Алғашқы таймның соңында үшінші допты қақпаға Сергей Остапенко енгізді. Қарлсыластар екінші таймда бір голмен қанағаттанды. Сөйтіп, қазақстандық чемпион ірі жеңіске жетті.