17:37, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
«Ақтөбе» футбол клубының қатары чех легионерімен толықты
АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы қола жүлдегері - «Ақтөбе» футбол клубының қатары чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Байермен толықты.

Кеше команда басшылығы бұл маусымда Ақтөбеде өнер көрсететін 6 жаңа ойыншымен келісім-шарт жасады.
Команданың Түркиядағы соңғы 2 оқу-жаттығу жиынына қатысқан Л. Байер Чехословакияда 1984 жылы 15 желтоқсанда өмірге келген. Ол бұған дейін өз елінде 2004-2005 жылдары «Атлетик Слован», 2005 жылы «Зноймо», 2006 жылы «Ханака Славия», 2006-2007 жылдары «Доста» және 2008 жылы Голландияның «Хераклес Альмело» командаларында өнер көрсеткен болатын. «Ақтөбеге» ол өзі бір кезде спорттағы мансабын бастаған Оломоуц қаласының «Сигма» командасынан ауысып келді. 2009/2010 жылы Еуропа лигасында 3 матч өткізген Лукаш Байер мергендігімен де көзге түскен еді.