Ақтөбе қаласында үш адам мінген қайық аударылып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласы Заречный кентіндегі Қарғалы өзенінде үш адам мінген қайық аударылып кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
«Шұғыл-құтқару жасағы» ММ-ның тобы 25 және 28 жастағы екі азаматты өлім аузынан құтқарып үлгерді. Ал 22 жастағы үшінші азаматты осы уақытқа дейін табу мүмкін болмады. Жұмыстарды Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің судан-құтқару қызметі жүргізуде.