«Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

АҚТӨБЕ. KAZINFORM –  Бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай) автожолының қайта жаңарту жұмыстары аясында «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінде көлік қозғалысын ашты.

Компанияның мәліметінше, аталған шара барысында Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейінгі 54 шақырымды құрайтын айналма жолдың сол жақ қозғалысы ашылды. Бұл – транспорттық дәліз Астраханға қарай қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясын байланыстыратын маңызды бағыттардың бірі. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Қайта жаңарту жұмыстары барысында жолдың техникалық параметрлері жақсартылды: 77,8 шақырым ІІ санаттан І санатқа, ал 18,2 шақырымы ІІ санатқа ауыстырылды. Қазіргі таңда автожолдың барлық ұзындығы бойынша жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетоннан жоғарғы қабатты төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. 64 шақырым (барлық жұмыстың 66 пайызы) төселіп, жолды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Ақтөбе облысы арқылы өтетін А-27 «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай) республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы 326 шақырым.

Жобаны жүзеге асыруға үш асфальтбетон зауыты, 254 жол-құрылыс техникасы мен 574 жұмысшы жұмылдырылған. Жоба аясында 94 жасанды құрылыс нысанын соғу жоспарланған, оның ішінде 15 көпір, 16 мал айдау, 3 көлік жол айрығы мен 60 су өткізгіш құбыр. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram