«Ақтөбе» «Локомотивті» 2:0 есебімен жеңіп, жеке дара көш бастады
АСТАНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 12-ші турынан кейін былтырғы маусымдағы ел чемпионы Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы жеке дара көш бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеше өткен бұл турда «Ақтөбе» өзін өкшелеп келе жатқан Астананың «Локомотив» командасына қонаққа барды. Тартысты өткен ойында есеп 2:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Сөйтіп олар 12 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, жеке дара көш бастады. «Ақтөбеден» 4 ұпай қалып қойған «Локомотив» екінші орында. Үшінші орында - Қарағандының «Шахтер» командасы. Олар бұл турда Қызлордада жергілікті «Қайсармен» кездесіп , 0:3 есебімен жеңіске жетті. Көш соңында «Қайсар» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары келеді. Бұл турдағы қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Қазақмыс»-«Жетісу» 2:2, «Ертіс»-«Тобыл» 1:2, «Ордабасы»-«Қызылжар» 1:0, «Восток»-«Оқжетпес» 1:0, «Тараз»-«Атырау» 1:1.