Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 мектеп-интернат салынады - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 мектеп-интернат салынады.
None
None

Бүгін 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы қарастырылған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Осы оқу жылында Алматы облысының Есік қаласында республикалық бюджеттен көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық арнаулы мектеп-интернат пайдалануға берілгенін атап өткен ол: «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында осындай интернаттарды салу жоспарлануда»,- деді.

Министрдің атап өтуінше, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық бюджеттен даму мүмкіндігі шектеулі және үйде оқитын балаларға 4 млрд. 170 млн. теңге қаржы бөлінді. Олар компьютерлер, көмекші техникалық құралдар сатып алуға және Интернет желісіне қосылуға арналған.

Соңғы жаңалықтар