"Ақтөбе» мен «Динамо» алғашқы таймда бір-бір голмен алмасты. ВИДЕО
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ақтөбе» мен киевтік «Динамо» Еуропа Лигасындағы плей-офф кезеңіндегі матчта бір-бір голмен алмасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесудің алғашқы минутынан киевтіктер жағынан біршама қысым байқалды. «Динамолықтардың» гол соғуға асыққаны көрініп тұрды. Жанкүйерлердің қиқулаған қолдауына қарамастан, қазақстандық топ шашыраңқы ойнағандай болды. Сол үшін де 16-минутта Владимир Никитенконың командасы қонақтардан бір таяқ жеп алды.
Қақпаларына доп өткізіп алған ақтөбеліктер өздерін қолға алып, қауіпті шабуылдар жасауға кірісті. Сөйтіп ойынның 37-минутында айып добын соғу кезінде қазақстандықтар есе қайтарды. Гейнрих оң жақ флангтен шабуылдап, Тремулиннің добы қақпаға кірді - 1:1.