«Ақтөбе» мен «Ертіс» ФК Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті

АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Павлодарда «Ертіс» футбол командасы Еуропа лигасының дәрежелік раунды аясында
None
None

Болгарияның София қаласының «Левски» құрамасын 2:0 есебімен ойсыра ұтып, қазақстандық аяқдопшылар арасында бірінші болып Лиганың келесі кезеңіне өтті. Талғат Басуфинов жаттықтыратын павлодарлықтар бұған дейін, 4 шілде күні сырт алаңдағы алғашқы кездесуде қарсыласымен 0:0 есебімен тарасқан болатын. Олардың жеңісті жолын одан кейін өз алаңында «Ақтөбе» футбол клубы ары қарай жалғастырды. Арменияның Капан қаласынан келген «Гандзасар» аяқдопшыларын 2:1 есебімен ұтқан В.Никитенко баптайтын алаң қожайындары сырт алаңдағы алғашқы кездесуде де 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Соның нәтижесінде олар да айқын басымдықпен Еуропа лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

Ал Болгарияның Бургас қаласында Пловдив қаласының «Ботев» командасымен кездескен «Астана» футбол клубы жеңілістің ащы дәмін татты. Мирослав Беранек тізгінін ұстаған «астаналықтар» бұған дейін өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберсе, бұл жолы 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Станимир Стоилов баптайтын пловдивтіктер қонақтар қақпасына жауапсыз соғылған 5 допты да ойынның екінші жартысында енгізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум