Ақтөбе облысында 600 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысында 600 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР АШМ мәлім етті. 

Ақтөбе облысында 600 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ақтөбе облысы Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖРБК Мартөк ауданындағы шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде, ауданы 592 га болатын егістікке арналған жер телімі бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды.

Жер учаскесі иесіне заңбұзушылықтарды жою және жерді игеру туралы міндетті нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, департамент Мартөк аудандық соты арқылы шаруашылыққа 70 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жерді мәжбүрлеп қайтарып алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл 2 млн га пайдаланылмаған жер мемлекеттік меншікке қайтарылмақ.  

Соңғы жаңалықтар