Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысында Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін көлік қозғалысына шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 20:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Қарабұтақ — Комсомол — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылынан — Қостанай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 00:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 21:40–та ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдардажүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
«РФ шек. (Жайсан ө\п)-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1154-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ырғыз а.- Қызылорда облысы шек.).
Қызылорда облысы:
«РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).
Жолды 2025 жылғы 02 желтоқсан сағат 05:00–де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» төрт облыстың жолдарында туындауы мүмкін қауіп туралы ескертті.