Ақтөбе облыстық "Екі езу" эстрадалық театрының есеп беру концерті өтті

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше "Алматы" концерт залында Ақтөбе облыстық "Екі езу" эстрадалық театрының есеп беру концерті өтті.

Ақтөбе облыстық  "Екі езу" эстрадалық  театрының есеп беру концерті өтті

"Екі езу" жап-жаңа концертімен" деп аталатын бұл шара өнер ордасының жыл сайын өтетін дәстүрлі шарасы.

"Бұрынғы концерттерін көргенім жоқ. Бағдарламасының жаңа, жаңа емесін білмеймін. Көрермен ретінде мен өзім жаңамын. Театрдың көрермендердің алдында шығуы дұрыс. Бүгінгі заманға лайықтап бүгінгі проблемаларға лайықтап қойған біраз қойылымдары бар екен", - дейді сатирик Толымбек Әлімбеков. Оның айтуынша, Алматы өнер ордасы екен деп сырттан келгендерді шықпыртып сабай берген жөн емес. Театр ашып, барлығын өздері жасап жатқаннан кейін аймақтық өнер ордаларына қолдау көрсетіп, қошемет білдірген дұрыс.