Ақтөбе облысы: Қосалқы стансадағы өрт мектеп, балабақша, 9 дүкен мен тұрғын үйлерді жарықсыз қалдырды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні Ақтөбе облысының Тамды кентінде Ардагер көшесінде орналасқан №2 трансформаторлық қосалқы стансада өрт шықты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдай салдарынан Ә. Молдағұлова, Әйтеке би көшелеріндегі орта мектеп, балабақша, медициналық қосын, жатақхана, қос екі қабатты үй, 9 дүкен және 40 жекеменшік тұрғын үй жарықсыз қалды. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Жапа шеккендер жоқ.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 4 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның апаттық бригадасы бағытталды.

Соңғы жаңалықтар