Ақтөбе облысында барлық автокөліктер үшін қозғалыс шектелді - Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылғы 13 желтоқсанда мол жауған жауын-шашынның, ұйытқыма жел мен температураның төмендеуі салдарынан Ақтөбе - Астрахан және Самара - Шымкент республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде көктайғақ болып, соның салдарынан жол-көлік оқиғасында 4 адам қайтыс болды.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жоғарыда аталған жағдайға байланысты облыстық жол және полиция қызметтері жолдағы көктайғақты жою жұмыстарын аяқтағанға және күн ашылғанға дейін бұл жолдардың бойында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысын шектеді.