Ақтөбе облысында белгісіз газға уланып қалған 27 адам ауруханадан жазылып шықты - Төтенше жағдайлар министрлігі

СТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында белгісіз газға уланып қалған 27 адам ауруханадан жазылып шықты.
None
None

Дәрігерлер науқастардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Жем қаласында мамырдың 8-і күні төтенше оқиға орын алды: 27 жергілікті тұрғын белгісіз газға уланып қалды. Сол күні 41 жастағы ер азамат өз гаражының жанында оттегі баллонын ашқан. Нәтижесінде, газдың төңірекке таралуы салдарынан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары уланып қалған. Жалпы есеппен 27 адам зардап шегіп отыр, олардың 19-ы- балалар.

Соңғы жаңалықтар