Ақтөбе облысында Ембі мен Шалқар аралығында жол жабылды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «2011 жылғы 29 желтоқсанда сағат 19.00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа-райының қолайсыздығынан және жолдың нашар көрінуі салдарынан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының «Ембі - Шалқар» учаскесінде автокөліктің барлық түріне түнгі уақытта жол жүруге тыйым салынады», - деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Осыған қарай министрлік өкілдері республика тұрғындарына автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша, жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларын назарға алуды ұсынады. Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар