Ақтөбе облысында индустрияландыру картасы аясында 84 жоба белгіленген

АНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ақтөбе облысы бойынша индустрияландыру картасы аясында 84 жоба белгіленген.

Ақтөбе облысында индустрияландыру картасы аясында 84 жоба белгіленген

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Индустрияландыру картасы жобаларын ҚР Президенті Н. Назарбаевқа телекөпір арқылы таныстыру барысында Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов мәлім етті.

«Өңірлік бағдарлама бойынша 1 трлн. теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Биыл 24 жоба қолданысқа енеді. Оның 12-сі бұған дейінгі кезекте жүзеге асқан болатын. Бұлардың арасында мұнай тазалайтын стансалар, газ айдайтын компрессорлы стансалар бар. Бұндай нысандар кешенінің арқасында ілеспе газдарды пайдалану тиімділігі артады, кейбір жағдайда олар қайта кері айдалады. Мәселен, Байғанин ауданында мұнай шығарылып жатыр, сол орында ілесіп шыққан газды пайдалану кешені қарастырылған. Бұны ауданға тегін таратып жатырмыз», - деді Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов.