Ақтөбе облысында қазақстандық және қытайлық жұмысшылар арасында тұтанған төбелеске қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың біріндегі біздің жұмысшылар мен қытайлық жұмысшылар арасында жаппай төбелес орын алды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің қарауына алынды. Біз оқиғаның мән-жайын обьективті бағалау үшін аймаққа тергеушімізді іссапармен жібердік. Оқиға қатысқан барлық азаматтар бұзақылық бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», деді А.Кулинич.
Оның атап өтуінше, бұл оқиғаға шамамен 20-ға жуық азамат қатысқан. Қаза тапқандар жоқ. Дегенмен 6 азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта министрлік оқиғаның шығу себептерін анықтау үстінде.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Байғанин ауданында орналасқан «Ареол Құрылыс» пен «М-Техсервис» компаниялары жұмысшылары арасында қақтығыс болғандығын хабарлаған еді.