Ақтөбе облысында өртенген автобус иесінің лицензиясы болмаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақтөбе облысында 52 адамның өмірін қиған жан түршігерлік жол апаты туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомство берген мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиға 2018 жылғы 18 қаңтар күні 10:30-да (Астана уақытымен) «Самара-Шымкент» автожолының 1068-ші километрінде, Қалыбау ауылынан (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) 10 км қашықтықта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша 57 адам зардап шеккен, соның 52-сі опат болып, бес жолаушы (барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары) өз күшімен көліктен шығып үлгерген. Автобус Шымкент (ҚР) - Қазан (РФ) бағдарымен халықаралық тасымалды жүзеге асырып келген.

«Өрт орнына Апат медицинасы орталығының күре жолдағы медициналық-құтқару бекеттері (4 адам және 1 техника), «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдері (5 адам және 4 техника), Ырғыз аудандық ТЖ бөлімшесінің басшысы, Ырғыз ауданының №9 өрт сөндіру бөлімі (4 адам және 1 техника), «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» ММ Қарабұтақ ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндіру бекеті (5 адам және 1 техника) жіберілді. Оқиға орны облыс орталығынан 320 км-де», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрліктегілердің хабарлауынша, өртенген, 1989 жылы шығарылған  KassbohrerSetra (Х335РСМ, 59 адам сыятын) автобусы Мехтиев Ордухан Сабироғлына тиесілі болған. Тұрақты бағдарлардың тізімінде ол жоқ. Тұрақты емес жолаушы тасымалына лицензия алмаған (жалға алу негізінде жұмыс істеген болуы мүмкін). Міндетті техникалық тексеру: 2015 жылғы 17 тамыз («Искаков Н.Е.» ЖК ТҚО, Шымкент қаласы), аяқталу мерзімі: 2016 жылғы 17 ақпан.

Соңғы жаңалықтар