Ақтөбе облысында өртте ер адам көз жұмды, тағы бірі ауруханаға түсті

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Шалқар қаласында түнде сағат 04.45-те екі қабатты тұрғын-үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт бір сағаттан астам уақыттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 7 шаршы метрді құрады. Өрттің нәтижесінде 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды, тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар