Ақтөбе облысында «Сабақ» акциясының қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 500-ден астам жасөспірім жеткізілді
АҚТӨБЕ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Сабақ» операциясының қорытындысы бойынша қазанның 12-26-сы аралығында Ақтөбе облысының ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 550 жасөспірім әкелінді,
олардың 235-і- әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жеткізілген, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Акция барысында сондай-ақ, сабаққа бармай жүрген 67 бала анықталды, оның ішінде 49-ы - қаңғыбас балалар.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бес күн бойы сабақтарға қатысып, сабақтан қашып жүрген жасөспірімдерді анықтады.
Операция барысында сондай-ақ, ішімдік ішкен 95 жасөспірім анықталды. Оған қоса, білім ошақтарына жақын жерден алкогольдік ішімдіктер сатудың 5 факті тіркелді. Ал ойын-сауық орындарына жасалған рейд барысында ересектерсіз жүрген 23 жасөспірім анықталып, айып салынды. Ішкі істер органдарында есепте тұратын 1122 жасөспірімді инспекторлар үйлеріне барып тексерді.