13:02, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында шаруа қожалықтарының бірінің пішендігі өртеніп кетті
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Жұма күні Темір ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінің «Айдос» шаруа қожалығының пішендігі өртеніп кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өрт 1,7 мың гектар аумақты қамтыған. ТЖМ-нің атап өтуінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалын 4 сағаттан кейін сөндірілген. Төтенше жағдайдың алдын алуға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 6 маманы мен 3 техникасының, сондай-ақ аталған елді мекеннен жасақталған ерікті өрт сөндірушілердің күшімен ауыздықталды.