Ақтөбе облысында суға кеткен 2 балықшының мәйіттері табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында суға батып кеткен 2 балықшының мәйіттері табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жұма, 7 желтоқсанда Ақтөбе облысының Жарық кентінде Қобда өзеніне бір күн бұрын батып кеткен 57 жастағы балықшының денесі табылды.

Осы күні Ақтөбе облысының Көктерек кентінде 49 жастағы балықшы Қарасу көлін батып кетті.

Олардың мүрделері жер бетіне судан-құтқару қызметінің күшімен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар