Ақтөбе облысында жалған құжат жасау арқылы шет мемлекеттерден әкелінген қымбат көліктерді саудалап жүрген азамат ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаңтардың 21-і күні Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір топ азаматтармен келісіп, жалған құжат жасау арқылы
None
None
Ресей мен Италиядан, Беларус пен Украинадан және Балтық жағалауы елдерінен ұрланған қымбат 8 көлікті сатқан азаматты ұстады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАақпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, аталған азамат аз ғана уақыттың ішінде, 3 «Лексус, 3 «Хамер» және «Тойота», сондай-ақ «Порше» автокөліктерін сатып үлгерген. Осы уақытта бұл іс бойынша арнайы тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар