Ақтөбе облысында «Жеңіс» базарының 250 шаршы метр шатыры өртеніп кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Жеңіс» базары ғимаратының 250 шаршы метр шатыры өртеніп кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Кеше, бейсенбі күні Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында Жастар, 15-а шағынауданында орналасқан екі қабатты «Жеңіс» базарының шатыры өртенді. Жалын шарпыған аумақ 250 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.