Ақтөбе облысының құтқарушылары суға кеткен балықшының денесін екі күн іздеді

ТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында екі күн бұрын суға батып кеткен балықшының денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Ақтөбе облысының құтқарушылары суға кеткен балықшының денесін екі күн іздеді

26 қазан күні түс ауа Хромтау ауданына қарасты Қопа кенті маңындағы Қопа өзенінде балық аулау кезінде суға батып кеткен 72 жастағы қарттың мәйітін ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша судан-құтқару қызметінің мамандары 28 қазанда, сағат 18.30-да тапты.