Ақтөбе облысының жәрмеңкесінде 5 тонна бауырсақ таратылады

Бұл туралы бүгін жәрмеңкенің ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласының Орталық алаңында Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері ашылды.
«Ақтөбе облысы бұл жәрмеңкеге жалпы құны 60-70 млн. теңге болатын 130 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді. Соның ішінде 50 тонна көкөніс, 40 тонна ет пен ет өнімдері, 12 тонна балық (бекіре) және тағы басқа өнімдер бар. Олардың бағалары Астана базарларынан кемінде 15 пайызға арзан. Біздің делегацияның құрамында облыстың 12 ауданының және Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері бар», - деді А. Мұхамбетов.
Облыс әкімінің атап көрсеткеніндей, ауыл шаруашылығы өнімдерінен бөлек, өңір ауқымды мәдени, концерттік бағдарламаны әкеліп отыр. Елорда сахнасында Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның, «Алақай» қуыршақтар театрының, облыстық көркемөнерпаздар театрының әртістері өз өнерлерін көрсететін болады.