«Ақтөбе — Шалқар» пойызының бағыты Қазалыға дейін ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Аталған бағытты Қазалыға дейін ұзарту тұрғындарға сапалы, қауіпсіз және ыңғайлы қатынау мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

пойыз
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар сұранысын ескере отырып және өңірлердің көлік қатынасын жақсарту мақсатында 2 сәуірден бастап № 630/629 жолаушылар пойызының бағытын «Ақтөбе — Шалқардан» Қазалы станциясына дейін ұзартты.

Жаңартылған бағыт бойынша «Ақтөбе — Қазалы» пойызы күн ара қатынайды:

— Ақтөбеден жұп күндері сағат 22:25–те жөнелтіліп, Қазалыға келесі күні 11:32–де келеді;

— Қазалыдан тақ күндері сағат 18:20–да аттанып, Ақтөбеге келесі күні 07:34–те жетеді.

Бағыт бойынша жолаушыларға қолайлы болуы үшін Жылан, Тоғыз, рзд. Шілікті, Сексеуіл, Арал Теңізі, Қамыстыбас және Бекбауыл станцияларында аялдамалар қарастырылған.

Құрамда 6 вагон (3 купе, 3 плацкарт) қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта жолаушылар саны артқан жағдайда қосымша вагондар қосу жоспарланған.

Аталған бағытты Қазалыға дейін ұзарту өңірлер арасындағы көлік қатынасын едәуір жақсартып, тұрғындарға сапалы, қауіпсіз және ыңғайлы қатынау мүмкіндігін ұсынады.

Бұған дейін хабарланғандай, «Астана-Алматы» бағытындағы пойыздар Шу станциясына тоқтамайды.

Соңғы жаңалықтар