Ақтөбеде 21 жастағы курсант көз жұмды

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды. Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

көз жұмды
Фото: Александр Павский/Kazinform

Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қараша күні сағат 15:29-да жеткізілген. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80%-ы зақымданған болып шықты. 

- Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. 

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растады. Дегенмен ақпарат таратпады. 

Соңғы жаңалықтар