Ақтөбеде 4 жігіттің арасында болған жанжал кісі өлімімен аяқталды
ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада республика бойынша, 3 мың 657 қылмыс тіркеліп, оның 1 мың 798-нің ізі суымай ашылды.
Бұл мәліметтермен бүгін журналистерді апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз таныстырды.
Оның деректеріне қарағанда, өткен аптада сонымен қатар 635 бұрын жасалған қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 398 қылмыскер ұсталып, 5 атыс қаруы тәркіленді. Сондай-ақ есірткімен байланысты 72 қылмыс анықталып, олардың 35-і есіртікіні саудалаумен байланысты болған. Бұған қоса 120 келі есірткі тәркіленіп, оның 1 келіден астамы героин болып отыр.
«Ақтөбелік полицейлер Хромтау қаласының 23 жасар тұрғынын өлтірумен байланысты қылмысты ашты. Осы қылмыс жасалған уақытта ауруханаға атыс қаруынан жарақаттанған 22-23 жастағы тағы екі азамат түскен. Тексеру барысында мәлім болғанындай, 20-23
жас аралығындағы 4 азаматтың арасында ұрыс-керіс туындап, олардың біреу аңшы мылтығынан оқ атқан. Қазіргі таңда кісі өлтіру фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды»,-деді департамент бастығы.