Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны іздестіріліп жатыр
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықтың тұрғыны Айтжан Нағашыбай 4-ақпан күні қашып кеткен. Содан бері табылмады.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепте тұрған Айжан Нағашыбай бұған дейін де бірнеше рет қашып кетіп, табылды. Бұл жолы 4-ақпан күні кешкілік кетіп қалып, содан әлі жоқ.

- 2020 жылдың қазан айынан бастап сот шешімімен Айтжан Нағашыбай №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны. Диагнозы - Ғ20,8 (шизофренияның басқа түрлері-ред.) 2026 жылдың 4 ақпаны күні кешкі сағат 20:00-21:00 аралығында орталықтан өзі қашып кетті. Бұл алтыншы рет қашуы. Қашқан сайын құзыретті органдардың және орталық қызметкелерінің іздестіру шараларының нәтижесінде қайтарылып отырды. Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық криминалдық, участкелік полиция қызметкерлері, орталық қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Айта кетейік, Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен Ролан Зуевті полиция мен еріктілер іздеді. 3-ақпан күні денесі орман ішінен табылды.