Ақтөбеде әскери институт курсанттары өз таңдауын жасап жатыр
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары қаладағы № 72 референдум учаскесіне саппен келді. Олар ең бірінші болып дауыс берді.
Ақтөбе қаласындағы референдум учаскелерінің барлығы жұмысын бастады. Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары өз таңдауын жасауға кірісті. Референдум учаскесіне барлығы 900-ден астам әскери қызметші мен курсант келді. Оның 100-ден астамы алғаш рет өз таңдауын жасады.

- Мен Алматы облысының тумасымын. Қазір 3-курста білім алып жүрмін. Болашақ тікұшақ ұшқышымын. Әрі өз таңдауымды бірінші рет жасап тұрмын. Мен өз азаматтық борышымды өтеу үшін келдім,- деді Әбубәкір Саулықұлы.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке құрам мен курсанттар түгел келіп, таңдау жасап жатыр.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша республикалық референдумда 14 аумақтық және 528 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Референдум комиссияларының құрамында 3 534 мүше бар.

Барлығы 18 судроаудармашы және 79 инватакси болады. Сонымен бірге мүгедектігі бар адамдарға еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер де көмек көрсетеді.


