Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай депутаттарын сайлау күні елорданың қоғамдық көліктері тегін қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM – 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астана қаласының қоғамдық көліктері тегін қатынайды.

Популярные автобусные маршруты изменили движение в Астане
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:

- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде; 
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.

-Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады, - деп атап өте компаниядан.

Бұған дейін қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті екенін жазған едік.