Ақтөбеде экологиялық айыппұлдан түскен қаржы заңсыз жұмсалған

Бюджет
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбеде табиғатты қорғау прокурорлары облыс әкімдігінің табиғатты қорғау шараларының жоспарын зерделеу барысында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

Экологиялық заңнамада қоршаған ортаны жақсартуды қаржыландыруға қойылатын талаптар белгіленгені.

Әкімдіктер оларды жүзеге асыру үшін өткен 3 жыл ішінде табиғи ресурстарды пайдаланушылардан түскен сомадан кем емес қаражат бөлуге міндетті.

Мәселен, 2019-2021 жылдары облыс бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін барлық компаниялардан бюджетке 25 млрд теңге түскен, сәйкесінше әкімдік қоршаған ортаны жақсартуға осы сомадан кем емес қаражат бөлуі міндетті.

Алайда жоспарға сәйкес, 2022-2024 жылдар бойынша жалпы шығындар 23 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, жоспардың өзі талаптарға сәйкес келмейді, өйткені ол Үлгілік тізімде қарастырылмаған іс-шараларды қамтиды.

Жоспарға негізсіз ауылдарды газдандыру, жылу желілерін жөндеу, орман шаруашылығы мекемелерінің аппараттарын күтіп ұстау енгізілген.

Заңда көзделмеген шараларға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асты.

Қазіргі уақытта табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары Үлгілік тізбеге сәйкес түзетілуде, қаржыландыру көлемі 30 млрд теңгеге дейін өсетін болады.

Қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар