Ақтөбеде газ құю бекетінде цистерна жарылды
Оқиға бүгін сағат 18:50-де болды. Облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік басқармасына газ құю станциясындағы жарылыс туралы хабарлама түсті. Алға қаласындағы оқиға орнына 26 адам мен 7 техника жіберілді.
Айта кетейік, оттың қалай тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазіргі қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
«Кез келген жерде өрт қауіпсіздігі ережесін есте ұстаңыз. Ал от тұтанса бірден облыстық ТЖД хабарлама беру керек»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Атырауда өртенген пәтерден 5 адам құтқарылды. Оның ішінде үш бала бар. Ал денесін күйік шалып, көмірқышқыл газына уланған бір адам ауруханаға жеткізілді.