Ақтөбеде Қазақстан Республикасының жастар ойындары өтуде
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақтөбеде Қазақстан Республикасының жастар ойындары өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Баскетбол федерациясына сілтеме жасап.
Бұл дәстүрлі жарысты ұйымдастырған ҚР Туризм және спорт министрлігі мен оның аймақтық басқармалары. Мамырдың 4-інде жалауын көтерген дүбірлі дода мамырдың 12-сіне дейін созылады. Оған 1992 жылға дейін туған жасөспірім қыздар мен балалар қатысуда. Аталмыш бәсекеде баскетболдан ерлер арасында Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Тараз қалалары мен Алматы, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары сайысқа түсуде. Ал қыздар арасында бұл сынға Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Тараз қалалары мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының жас спортшылары қатысуда.