Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазіргі кезде әлі де су себу, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Тұрмыстық қатты қалдық сақтайтын полигондағы өрт 3 қыркүйек күні тұтанды. Қатты желден оны сөндіру қиынға түсті. Сол күні өрт алаңы оқшауланғанымен, бықсып жатқан аймақты басу бүгінге дейін жалғасты. 

– Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаменті, «Таза Әлем 12» ЖШС-нің және жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 70-тен астам жеке құрам және 44 техника жұмылдырылды. Өрт ошақтарына су шашу, жерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Зардап шеккен адам жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі кезде оттың қалай тұтанғанын анықтау үшін арнайы штаб құрылды. 

Еске салсақ, өрт жайлы хабарлама түскен бойда төтенше жағдайлар қызметімен қатар жергілікті атқарушы органнан адамдар жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар