09:08, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің құлап кету қаупінен 26 адамға пәтерлерін босатуға тура келді
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің құлап кетуі қаупіне байланысты 26 тұрғын,
оның ішінде 3 нәресте қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Кеше сағат 9-дан 8 минут кеткенде 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы 3 қабатты тұрғын үйдің қабырғасы жарылып, құлап кету қаупі туғандықтан 26 тұрғын мен оның ішінде 3 сәби дереу қауіпсіз жерге көшірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.