Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт кешені күніне 500 адамды қабылдай алады. Мұнда спорттың 20-дан астам түрімен шұғылдануға болады.

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе қаласындағы спорт кешенінің құрылысы 2021 жылы басталып, қабырғасы қаланды. Алайда құрылыс материалдары қамбаттап, жұмыс бірнеше жыл бойы тоқтап қалды. Жергілікті әкімдік 2025 жылы қолданысқа беруді жоспарлағанымен, кешен бүгін ғана ашылды.

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

— Кешеннің жалпы аумағы — 4 855 шаршы метр. Ашық алаңдардағы жаттығуларды қоса есептегенде күніне 500 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Кешен базасында спорттың 20-дан астам түрі дамытылады. Паралимпиадалық бағыттар қатарында жеңіл атлетика, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, парадзюдо, оқ ату, арбадағы теннис, голбол, бочча, паратаэквондо бар. Сурдлимпиадалық спорт түрлеріне футзал, күрес, дзюдо, бадминтон, шахмат, үстел теннисі, жүзу, таэквондо және басқа да бағыттар енген. Сонымен қатар паралимпиадалық емес спорт түрлері — тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, армрестлинг те қарастырылған, — деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Айта кетейік, алғашында кешен жобасына 1,7 млрд теңге бөлінді. Арада 5 жыл өткенде құрылыс құны есе есеге жуық қымбаттап, 3,2 млрд теңге жұмсалды. Құрылысқа «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры демеуші болды. Мұнда 106 жұмыс орны ашылды.

Ақтөбеде құрылысы бес жылға созылған спорт кешені қолданысқа берілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Айта кетейік, «Қуат» инклюзивті спорт кешенінің ашылуына облыс әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен спортшылар қатысты.

Еске салсақ, алғашында бөлінген қаржының 706 млн теңгесі игеріліп, құрылыс тоқтады. Кейін жобалық-сметалық құжатқа түзету енгізіліп, сараптама қорытындысы алынды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум