Ақтөбеде оқушы қыз іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында 2 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған оқушы қызға іздеу салынды. 

Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр. 2007 жылы туған оқушы 2 мамыр күні үйінен шығып кеткен.

– Бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат білген адамнан 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Еске салсақ, бұған дейін ақтөбелік полицейдің заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні кәсіпкерге өткізіп жібергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар