Ақтөбеде өрт кезінде бір адам қаза болды
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат – Кеше Ақтөбе қаласында үшқабатты тұрғын үйдің пәтерінен шыққан өртті сөндіру кезінде 55 жастағы ер азаматтың денесі табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тілсіз жау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 10.30-да сөндірілді.