Ақтөбеде пәтер кезегінде тұрған жетім балалар баспаналы болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кезегінде тұрған жетім балаларға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбеде «Бақытты бала - Мәңгілік елдің кепілі» атты ұранымен қайырымдылық концерті өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Ақтөбеде «Бақытты бала» жобасы іске асырылады. Әр бала бұл жылы қамқорлыққа алынып, қалада аула клубтары салынады. Ал ауылдарда спорт алаңдары пайдалануға беріледі. Бүгінгі шара кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балаларды қамқорлыққа алып, олардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасауға шақырды.

null 

«Балалар бақытты болуы керек. Біздің міндетіміз - баланың жүзіннен күлкі, жүрегінен қуаныш кетпейтін өмір сыйлау. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Біз «Бақытты бала» жылын жарияладық. Ақтөбе балаларының спорт, білім, мәдениет, өнермен шұғылдануына жағдай жасаймыз. Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, азаматтар қолдап жатыр. Әсіресе, ата-анасыз қалған балалар құрдастарынан артта қалғанын сезінбеуі керек. Өңірде 1 мыңға жуық ата-анасыз өсіп келе жатқан бала бар. Оларға қамқоршы, демеуші табу біздің міндетіміз»,- өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

null 

Өз сөзінде облыс әкімі мүмкіндігінше сәбилер үйін жабу жолын қарастыруды ұсынды. Қазіргі кезде балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Мейірім» үйі жұмыс істеп тұр. Мұнда мектеп бітіріп, орта, жоғары оқу орындарына түскен, жұмысын енді бастаған жастар өмірге бейімделеді.

null 

Кейін Әсел Оразбаева, Медет Махамбетов және Лариса Захароваға пәтер кілтін табыс етті. Олар ұзақ жыл кезек күтіп, тегін баспанаға ие болды.

null  

«Балалар үйінен шыққан соң кәсіптік-техникалық лицейде білім алдым. Жол қозғалысын бақылайтын мамандықты иеленгеніммен басқа салада жұмыс істеуге тура келді. Қазір мұнай компаниясының бірінде слесарь болып жұмыс істеймін. Бұған дейін мен апаммен бір үйде тұрдым. Ал бүгін өзіме 1 бөлмелі пәтер берді. Мен 10 жыл бойы кезек күтіп, осы күнге жеттім»,- деді пәтер иесі Медет Махамбетов.

Соңғы жаңалықтар
telegram