Ақтөбеде Сенат депутаттығына кандидат Амангелді Нұғманов көп дауыс жинады

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дауыс санау өтті. Үміткер Амангелді Нұғанов ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір бюллетеньдер іріктеліп жатыр. Ол бес бөлікке бөлінді. Үш кандидат пен жарамсызы және бәріне қарсы таңдау жасағаны іріктелді.

Үміткер Дана Бекбауоваға - 15, Рахым Бекназаровқа - 11, Амангелді Нұғмановқа 148 адам дауыс берді. Ал 4 таңдаушы бәріне қарсы болды. Жарамсызы жоқ.

«Сенат депутатын сайлауға қатыстық. Байқаушы ретінде байқағаным бәрі заң талаптарына сай өтті. Мәслихат депутаттары тәртіп бойынша кіріп, өз таңдауын жасады. Әділ әрі шынайы түрде сайлау өтті. Сайлау алаңы талапқа сай. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы таныстырып, түсіндірді. Жәшік көпшілікке анық көрінді. Кабина іші жарық, қаламы бар»,- Партиялық емес байқау орталығы облыстық филиалының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша 5 үміткер сайлауға қатысуға өтініш берген. Оның төртеуі өзін-өзі ұсынды. Алайда тек үшеуі ғана тіркеліп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.https://kaz.inform.kz/news/aktobede-arturli-dengeydegi-maslihattyn-178-deputaty-tandau-zhasauda_a4023524

«Әр өңірден сайланған Сенат депутаты сол аймақтың жоғын жоқтап, проблемаларын көтеруі керек деп ойлаймыз. Бүгін сайлау ашық болды. Тіркеліп, кейін ережесі түсіндірілді. Кейін бюллетень беріліп, кабинада еркін таңдау жасадым. Бұл еліміздің дамуына бағытталған таңдаудың бірі. Алдағы уақытта оң нәтиже береді деп ойлаймыз»,- деді облыстық мәслихат депутаты Баян Сәрсембина.


Соңғы жаңалықтар
telegram