Ақтөбеде сталкингке қатысты 6 істің біреуі ғана сотқа жетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Барлығы 6 факті тіркелді. Алайда 5 дерек бойынша қылмыстық құрам болмай қысқартылды. 

сталкинг
Коллаж: Kazinform/ Nano banana

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап, яғни «Сталкинг» енгізілгеннен бері өңірде 6 факті тіркелді. Бәрі де бұрынғы күйеуінің, сүйіктісінің үстінен арыз түсірген. Оның біреуі ғана сотқа жетті.

— Полицияға 29 жастағы әйел жүгінді. Бұрынғы күйеуі бір айға жуық уақыттан бері қайта-қайта мазалап, соңынан қалмай жүрген. Учаскелік полиция инспекторлары ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Түркістан облысында сталкинг фактісі бойынша 8 қылмыстық іс тіркеліп, оның алтауы сотқа жолданды. Прокуратура сталкинг үшін Қылмыстық кодексінде 200 АКЕ дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау түріндегі жаза көзделгенін ескертті

Соңғы жаңалықтар