Ақтөбеде төрт соттың судьясы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Тағайындалған бес судьяның төртеуі облыс орталығындағы, біреуі Қобда ауданындағы соттың судьясы. Сонымен бірге екі судья отставкаға кетті.

сот
Фото: freepik

Ақтөбе облыстық сотындағы жиында судьялар таныстырылды. Атап айтқанда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына Ержан Құрманов, Ақтөбе облыстық сотының судьялары лауазымына Жұлдыз Биманова және Жеңіскүл Сұлтанова, Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы лауазымына Дамир Пангерей тағайындалды. Ал Нұргүл Сағындық Қобда аудандық сотының судьясы болды.

Ақтөбеде төрт соттың судьясы тағайындалды
Фото: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

- Облыстық соттың судьясы Қайырбек Елемесов және Ақтөбе қаласының судьясы Нұрлан Бақтығалиев отставкаға шықты. Судьялар корпусы олардың көп жылғы еңбегін атап өтіп, құрметпен шығарып салды. Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Әлібек Ахметов тағайындалған судьяларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуды еске салды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, наурызда Ақтөбе қаласында және аудандарда 12 судья қызметке кірісті. Ал облыстық сот төрағасы басқа қызметке ауысты.

 Ақтөбеде төрт соттың судьясы тағайындалды
Фото: Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі